Кеше 2026, 19:48
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов
Қар, боран, тұман: 22 ақпанда қолайсыз ауа райы күтіледі
Жексенбіде күн райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді.
"Қазгидромет" Қазақстан аумағына арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, жексенбі күні елімізде қолайсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпалын сақтайды. Соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады, ал елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында қалың қар жауады, - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанып отыр.