26 Ақпан 2023 2023, 09:48 Фото: elorda.info

Қар, боран, көктайғақ: 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 26 ақпан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК 26 ақпан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Қар жауады, жаяу бұрқасын соғады.

Қазақстанның оңтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Батыс антициклонның әсерінен Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын жаумайды.

Республиканың оңтүстік-шығысында және батысында көктайғақ болады.

Еліміздің аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.