Қар, боран, көктайғақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ертең, 3 ақпанда Қазақстанның 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде қар, боран, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Кей аймақтарда ауа температурасы күрт төмендеп, аяз 15–22 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайлар Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Түркістан, Қостанай, Жамбыл және Ақмола облыстарында болжануда.

Мамандар жол қозғалысында абай болуға, ұзақ сапарларды кейінге қалдыруға және ауа райы ескертулерін қадағалап отыруға кеңес береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы