Қар, боран, көктайғақ; 15 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 24 қаңтарда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде Оңтүстікте, әсіресе Түркістан облысының таулы аудандарында қар жауады, күндіз батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар күтіледі. Солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерде тұман, кей жерлерде көктайғақ болады. Желдің екпіні кей облыстарда 15-20 м/с жетеді.
Шымкент, Түркістан: қар, боран, көктайғақ, тұман; күндіз оңтүстік-шығыс жел 15-20 м/с.
Қарағанды, Жезқазған: қар, төменгі боран.
Қызылорда: түнде және таңертең көктайғақ, тұман.
Маңғыстау, Ақтау: тұман, кей жерлерде көктайғақ.
Ақтөбе: қар, төменгі боран, жел шығыс, солтүстік-шығыс 15-18 м/с.
Жамбыл, Тараз: тұман, жел оңтүстік-шығыс 15-20 м/с.
Павлодар, Абай, ШҚО: қар, боран, тұман; жел 15-20 м/с.
Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Жетісу таулы аудандары: қар, боран, тұман; жел 15-20 м/с.
Метеорологтар тұрғындарға далаға шыққанда сақ болуға, көлікті қауіпсіз жүргізуге, сондай-ақ жолда және қоғамдық орындарда абай болуға кеңес береді.