Қар, боран, көктайғақ: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 10 қаңтарда Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес:
Маңғыстау облысында көктайғақ пен тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.
Атырау облысында көктайғақ, кей жерлерде тұман болжанады. Жел екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында көктайғақ пен тұман күтіледі, желдің екпіні 15-18 м/с.
Батыс Қазақстан облысында түнде қар, боран, көктайғақ, күндіз көктайғақ болады. Орал қаласында да осындай ауа райы күтіледі.
Түркістан облысында, соның ішінде таулы аудандарда тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Қостанай облысында батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерде тұман болады.
Абай облысында солтүстігі мен орталығында қарлы боран, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-ке дейін жетеді. Семейде төмен қарлы боран күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында төмен қарлы боран, тұман және қатты жел болжанады.
Ұлытау облысында солтүстік пен шығысында тұман, желдің екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысында солтүстік пен шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысында көктайғақ пен тұман болжанады.
Жамбыл облысында 10-11 қаңтар аралығында тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Тараз қаласында да қолайсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда абай болуға, алыс жолға шыққанда сақтық шараларын күшейтуге шақырды.