Қар, боран: Астана мен 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 9 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін мәлімдеді. Дауылды ескерту Астанаға және еліміздің 16 облысында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің дерегінше, елордада қар жауып, боран соғады. Түнде көктайғақ байқалады. Солтүстік-шығыс бағыттағы желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Аймақтардағы жағдай:
Ұлытау облысы – Түнде солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарда қар мен көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауады. Кей жерлерде тұман.
Қарағанды облысы – Қар, боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыс жел 15-20 м/с. Қарағанды қаласында да қар, көктайғақ, күндіз төменгі боран болжанады.
Алматы облысы – Түнде таулы аудандарда қалың қар. Кей жерлерде тұман, көктайғақ. Желдің екпіні 15-20 м/с. Алматы мен Қонаевта – тұман.
Атырау облысы – Түнде және таңертең солтүстік-шығыста, шығыста тұман.
Ақтөбе облысы – Солтүстік пен шығыста көктайғақ, батыс пен оңтүстікте тұман. Желдің екпіні 15-18 м/с.
Жамбыл облысы – Таулы аймақтарда қар, күндіз төменгі боран. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ. Жел – 15–20 м/с.
Жетісу облысы – Солтүстік, шығыс және орталықта тұман мен көктайғақ. Таулы аудандарда жел 15–20 м/с.
Маңғыстау облысы – Түнде және таңертең көктайғақ. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтауда да көктайғақ болжанады.
Батыс Қазақстан облысы – Батыс пен солтүстікте тұман, көктайғақ.
Абай облысы – Қар, боран, көктайғақ; кей аймақтарда қалың қар. Жел күшейіп, 23 м/с-қа дейін жетеді. Тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысы – Қар, боран, көктайғақ. Солтүстікте қалың қар. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысы – Таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Көктайғақ және тұман күтіледі. Шымкент пен Түркістанда да тұман болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысы – Қар, боран. Кей жерлерде тұман. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Ақмола облысы – Қалың қар, боран, көктайғақ. Солтүстік-шығыс жел 15-20 м/с.
Қостанай облысы – Қар, төменгі боран, оңтүстікте көктайғақ. Тұман. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда облысы – Облыстың орталығында тұман.