Қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды
«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінде қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Фототұзақ сирек кездесетін жануарлардың таңғажайып сәттерін түсіріп алды. Түнгі уақытта парк аумағында өз табиғи ортасында сенімді қимылдап жүрген қар барысы байқалды. Сонымен қатар, фототұзақ сирек кездесетін Түркістан сілеусінін түсірді. Ол жемтігін байқаған бойда секіруге дайындалып, бірақ соңғы сәтте райынан қайтып, нысанасын тастап кетті.
Бұл кадрлар жыртқыштардың күнделікті өмірін ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге парк аумағында олардың мекендеуіне қолайлы жағдай жасалғанын дәлелдейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қала мәдениеті қашанда назарда
Өзгелердің жаңалығы