Қар аралас жаңбыр, жел: Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады

Метеорологтардың болжамы бойынша 10 ақпанда Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Елдің барлық аймағында жаңбыр мен қар жауып, сондай-ақ жел күшейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мегаполистер: қар жауса да көктемгі жылылық сезіледі

Астана - бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 20–23 м/с дейін жетеді. Түнде және күндіз температура –1…+1°C шамасында.

Алматы - жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел 3–8 м/с. Түнде –1…+1°C, күндіз +6…+8°C дейін жылынады.

Шымкент - жаңбыр жауады, жел күшейеді 15–20 м/с дейін. Түнде +5…+7°C, күндіз +10…+12°C.

Елдің солтүстігі мен батысында қар мен аяз

Ақтау - қар жауады, жел 20 м/с дейін, температура –3…–5°C.

Ақтөбе - бұлтты, қар жауады, желдің екпіні 18 м/с дейін, температура –7…–9°C.

Атырау - жауын-шашын жоқ, бірақ суық: –9…–11°C.

Қостанай, Петропавл — қар жауады, аяз –5…–7°C.

Орал — жауын-шашын жоқ, бірақ күн суытады: түнде –18°C, күндіз –13…–15°C.

Орталық және шығыста жаңбыр мен қар, екпінді жел

Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Семей, Өскемен - жаңбыр мен қар, жел 15–20 м/с дейін, температура –5…+5°C.

Көкшетау - ылғалды қар, температура 0…–2°C шамасында.

Оңтүстік: жылы, бірақ дауылды жел қаупі бар

Тараз - жауын-шашын жоқ, бірақ жел 23–28 м/с дейін күшеуі мүмкін, күндіз +12…+14°C.

Түркістан - жаңбыр жауады, жел екпіні 20 м/с дейін, +9…+11°C.

Қызылорда, Талдықорған, Қонаев - негізінен жауын-шашынсыз, күндіз +8°C, бірақ күшті жел болуы ықтимал.

Метеорологтар тұрғындарға саяхат кезінде ауа райын ескеруді және жел күшейген аймақтар мен жауын-шашын түскен өңірлерде абай болуды ұсынады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер ақпан айында күн қандай болатынын хабарлаған еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы