Қапшағайдағы қайғылы жағдай: Сынға қалған әкімдік жауап берді

7 шілдеде жекеменшік жағажайда демалып жатқан әйел адам суға батып кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Дүйсенбі күні әйел адам Қапшағай су қоймасына батып кеткен. Қайғылы жағдайдың куәсі болған депутат Бақытжан Базарбектің айтуынша, әйелді судан құтқарушылар емес, қайық жалға беруші кәсіпкерлер алып шыққан. Ал алғашқы медициналық көмекті сол жердегі демалушылар көрсеткен, демалыс орны әкімшілігі мүлде болмаған.

Жаз мезгілінде медицина қызметкерлері мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Өкінішке қарай, кейде осындай қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Біз айтылған сындарды толық қабылдадық, тиісті қорытынды жасадық. Қазір барлық бекеттер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, – деді Рустам Исатаев.

Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы (“Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету”) бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер тарапынан осындай заңбұзушылықтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде, – деді Қуанышбек Мейрамбекұлы.

Еске салайық, Қапшағайда депутаттың көз алдында жас қыз суға батты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы