Кеше 2026, 22:53
Фото: istockphoto.com
Қапшағайда суға батып кете жаздаған қыз құтқарылды
Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Бүгін Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының демалыс аймақтарының бірінде патрульдеу жүргізіп жүрген ТЖМ құтқарушылары акваториядан шамамен 20 метр қашықтықта, қалқыма белгілер аймағынан тыс жерде суға батып бара жатқан 2005 жылы туған қызды байқап қалған.
Құтқарушылар дереу әрекет етіп, қызды судан шығарып, жағаға жеткізді. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Кейін зардап шегуші жедел жәрдем қызметіне тапсырылып, ТЖМ құтқарушыларының сүйемелдеуімен Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда оның жағдайы бақылауда. ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттері қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.