Қапшағайда қайықтан құлап кеткен ер адам төрт күннен бері табылмай жатыр

Алматы облысының құтқарушылары Қапшағай су қоймасында қайықтан құлап кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқыс оқиға 31 тамыз күні сағат 15:00 шамасында болған. “112” қызметіне Қапшағай су қоймасының 9-шы насос станциясы маңында қайық аударылғаны туралы хабар түскен. Қайықтағы екі ер адамның бірі жағаға жүзіп шыққан, екіншісі шамамен 400 м қашықтықта жоғалып кеткен.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары жедел жетіп, іздестіру жұмыстарына жүзу құралдары мен сүңгуірлер жұмылдырылды. Ауа райының қолайсыздығына және аумақтың үлкендігіне қарамастан, іздестіру жалғасуда, – делінген Алматы облысы ТЖД хабарламасында.

Іздеу жұмыстарына 17 құтқарушы, 3 техника, 4 жүзу құралы, дрон және “Эхолот” тартылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы