Қапшағай су қоймасында ер адам құтқарылды
Бұл туралы Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15 шілдеде сағат 12-50-де Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары профилактикалық патрульдеу кезінде Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында 1993 жылы туған ер адамды құтқарды, ол орнатылған "Шомылуға тыйым салынады! Абайлаңыз, шұңқыр!" белгілерін ескермей, шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылып, нәтижесінде шұңқырға түсіп, суға бата бастады. Алматы облысы ТЖД Қонаев қаласының Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен және жүзу құралының күшімен ер адам құтқарылды. Медициналық көмек қажет болмады, - делінген хабарламада.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан ескерту белгілерін ескеріп, тек шомылу үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда шомылуды және судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы