"Қаперге алдық". Кремль Трамптың ультиматумына жауап берді

Мәскеу АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысына қатысты мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Еске салайық, Трамп бұған дейін Украинадағы соғысты 50 күнде тоқтатамын деп мәлімдеген еді. Алайда соңғы мәлімдемесінде бұл мерзімді 10–12 күнге қысқартатынын айтып, Ресей басшысы Владимир Путинмен сөйлесуге қызығушылығы жоқ екенін жеткізді.

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге былай деді:

Біз Президент Трамптың кеше жасаған мәлімдемесін назарға алдық. Арнайы әскери операция жалғасып жатыр. Біз Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге және бұл үдерісте өз мүддемізді қорғауға ниеттіміз, – дейді Песков.

Оның айтуынша, Трамптың Путинмен келіссөз жүргізуге қызықпайтыны туралы сөзіне Кремль баға бермейді.

Бұл мәлімдемеге қатысты қандай да бір баға бермей-ақ қояйын. Тағы да қайталаймын, біз оны назарға алдық, – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Трамп жеке кездесу арқылы Украинадағы соғысты тоқтату мәселесі шешіле ме деген сұраққа:

Білмеймін. Қазір ол кісімен сөйлесуге аса қызығушылығым жоқ, – деп жауап берген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы