22 Шілде 2024, 12:12
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ
Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға шықты
Елордадағы Нұрлы жол вокзалынан қазақтың алғашқы академик-геологы Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордадағы Нұрлы жол вокзалынан қазақтың алғашқы академик-геологы Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаныш Сәтпаевтің ғылыми қызметі Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан, №65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойыз рәсімделді. Рәсімделген пойыз күздің басына дейін күнара қатынайтын болады.
Қазақтың көрнекті қайраткерлеріне арналған тақырыптық жобаны Ұлттық тасымалдаушы «Қазақмыс» компаниясымен бірлесіп алғаш рет іске асырып отыр.
Пойыздың сыртқы жағында Қаныш Сәтпаевтың өмір сүрген жылдары мен оның мерейтойлық портреті бейнеленген. Жоба ұлы қазақ ғалымының есімін қастерлеуге бағытталған.
Айта кетейік, Қаныш Сәтпаев ірі мыс, көмір және басқа да пайдалы қазбалар кен орындарын ашып, еліміздің экономикалық дамуына едәуір әсер етіп, тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлға.
- Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жолаушылар паромын Каспий теңізіне қайта қосу жоспарлануда 19:59
- Өзбекстанда зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен көтеру ұсынылды 19:41
- Астанада автобуста жүргізуші мен жолаушылар арасында жанжал шықты 19:18
- Инвестиция тарту: Үкімет не істеді, биыл не өзгерді? 18:59
- «Реалдан» бастап Джей Ло мен УЕФА Суперкубогына дейін: Қазақстандағы әлем назарын аударған оқиғалар 18:42
- «Көкірек көзі ояу болсын»: Астанада балаларға арналған «Айналайын» кітабы таныстырылды 18:17
- Жер телімі бос жатса, мемлекет оны қай кезде алып қоя алады? – заңгер жауабы 17:50