23 Шілде 2024 2024, 20:35 Фото: Ұлттық банк

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған коллекциялық монеталар шықты

Бұл туралы Ұлттық Банктің ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық Банктің ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2024 жылғы 24 шілдеден бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталарын сатуға шығаратынын хабарлады.

Монеталар ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

Монеталар:

- биколорлы (дискісі – 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 34 грамм, сақинасы – танталдан, массасы 40 грамм) монетаның массасы – 74 грамм, диаметрі – 50 мм, сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;

Биколорлы монетаның бейнесі - мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған,  монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5000 (бес мың) дана.

Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі