Қаныш Сәтбаевқа 125 жыл: Ұлттық университетте конференция өтті

Бүгін – Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл. Осыған орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық конференция өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конференция барысында Мемлекет басшысының құттықтау хаты оқылды. Онда «Қаныш - Қазақстан тарихында айрықша орны бар тұғырлы тұлға. Академиктің мол мұрасын жан-жақты дәріптеп, есімін ұлықтау - ұрпақ парызы» деп көрсетілген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конференция қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде атап өткендей, Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі, отансүйгіштігі және өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуі жастар үшін өшпес үлгі болып табылады. Сондықтан Қаныш Сәтбаевтың баға жетпес мұрасын насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы. Біз Еуразия ұлттық университетінде бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, жастардың бойына ғылымның, білімнің және адамгершіліктің жоғары құндылықтарын сіңіреміз.Қаныш Имантайұлы сияқты дарынды, кәсіби деңгейі жоғары, ұлтжанды тұлғаларды тәрбиелеу – мемлекеттіліктің нығаюына, инновациялық экономика мен әділетті қоғамның дамуына қосқан үлес. Ғылым қызметкерлерінің күні Қаныш Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін білесіздер. Сондықтан бүгін университет еліміздің барша ғылыми қауымын осы конференцияда қарсы алуға қуанышты, - деді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

Жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мақсат Жабағин қатысыты.

Академик Қаныш Сәтбаев – әлемдік деңгейдегі тарихи тұғырдан орын алуы, ғылыми және рухани мұраларының жалпыадамзаттық маңызға ие болуымен байланысты, сонымен қатар бір ұлттың шеңберінен шығып, бүкіл адамзат биігіне көтерілген қайталанбас планетарлық деңгейдегі біртуар тарихи тұлға. Әрине, "планетарлық деңгейдегі" тұлға Қаныш Сәтбаевтың, аса көрнекті ғалым, заңғар ғұламалығымен қатар Қазақ Елі ғылымының басты ұйымдастырушы екендігі - еліміздің даму тарихындағы баға жетпес еңбегінің бір бөлігі ғана. Жалпы алғанда, академик Қаныш Сәтбаев ел дамуының экономикасы, өндірісі, ғылымы, мәдениеті, руханиятында бағасы өлшеусіз мол мұра қалдырғаны, Қазақ елінің болашағы зор болсын деп жасаған ұшан-теңіз еңбегі – бірнеше кітаптар жазарлық дүние болып табылады», - деді Сенат депутаты, «Қ.И.Сәтбаев атындағы халықаралық қоры» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек Нұхұлы.

Ғылым саласын зерттеуші Қайрат Молдашев елімізде ғылым саласы дамып келе жатқанын айтады.

Бұл іс-шара жыл сайын ұйымдастырылады. Әсіресе, бұл ғалымдар үшін таптырмас мүмкіндік. Конференцияда бір-бірімізбен ой алмасып, жаңа идеяларды талқылаймыз. Үкімет тарапынан ғылым саласында қандай өзгерістер енгізілетіні жөнінде ақпараттан хабардар боламыз. Шын мәнінде, 1990-2000 жылдар аралығында елімізде ғылымға аса басымдық берілмей, жетім қалған тұстары болды. Ол кезде әлеуметтік және экономикалық жағынан болсын әлеует төмен еді. Бүгінгі таңда ғалымдардың жақсы жақсарып келеді. Өйткені ғылымды дамытамыз десек, көп қаражат керегі анық. Әрине, елімізде білімге көп грант беріліп жатыр, өз кезегінде бұл жас ғалымдардың қызғушылығын арттырады деп ойлаймын.

Ғалымға деген құрметіміз әркез ерекше. Мұндай іс-шаралар үстінде айқанымдай, біраз серпіліс береді. Бүгінгі таңда ғылымды үкімет қолдап, жеке кәсіпкердерді де осы салаға тартып жатыр. Иә, елімізде ғалымдар үшін мінсіз жағдай жасалмаған, алайда талпыныс бар. Әлі де көп жұмыстар атқарылуға тиіс, - деді Қауымдастырылған профессор.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы