12 Қаңтар 2024 2024, 15:46
Фото: - архив
Қаңтардағы ҰБТ-ға қанша оқушы өтініш берді
ҰБТ 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді
136 мың адам қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 136 мың адам тестілеуден өтуге ниет білдірді. ҰБТ 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдады.