Қаңтарда Ұлттық ұлан сарбазын ұрған адам 4 жылға сотталды

Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов  Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жұртшылыққа тек ресми дерекпен ғана емес, әлеуметтік желілердегі жаппай тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау орган қызметкерлеріне қатысты қатыгез түрдегі зорлық-зобылық фактілері белгілі. Олардың көпшілігі өз міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өміріне қол сұғушылық ретінде бағаланады. Мысалы, 5 қаңтарда Семейдегі тәртіпсіздіктер кезінде қала тұрғыны заңды талапқа бағынбай, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан Ұлттық ұлан сарбазына дене жарақатын салған. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді ол. 

Әділов 3 қаңтарда Өскемен қаласында полиция қызметкерлерінің заңсыз митинг ұйымдастыру әрекеттерінің жолын кесу кезінде осы қаланың тұрғыны оларға қарсылық көрсетіп күш қолданғанғанын айтты.

Өскемен қаласы сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметкерлерге қатысты күш қолдану фактілері бойынша бірқатар қылмыстық істер әлі өндірісте олар жақын арада сотқа жіберіледі, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы