Қаңтарда Хао Мин Цзиннің Қазақстанға сапары өтеді

Бұл туралы Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Хао Мин Цзин – ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы төрағасының орынбасары.

23-27 қаңтарда ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы төрағасының орынбасары Хао Мин Цзиннің Қазақстанға сапары өтеді. Сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған, - деді СІМ ресми өкілі.

Іссапар аясында Хао Мин Цзин ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағаларымен кездеседі.

Сапар аясында ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары Мәулен Әшімбаевпен және Ерлан Қошановпен келіссөздер, Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Раумен, Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Роман Склярмен, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиевпен кездесулер жоспарлануда, - деді СІМ ресми өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы