Қаңтарда азаматтарға үтік басқан полиция қызметкерлері жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қазіргі уақытта 8 резонансты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Бұл істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті ретінде танылды, оның 9-ы қамауда. Атап айтқанда, Алматы облысында қызған бу үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушы азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады, - деді ол. 

Ол атағандай, жедел-тергеу әрекеттердің нәтижелерінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің қатыстылығын анықтады.

Олардың үшеуі кінәларын мойындады. Алматы облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу әрекеттерін аяқтадық. Олар ұсталған адамды ұрып-соғып, салдарынан оның өліміне әкеп соғуы бойынша күдіктеліп отыр. Азаптаулар бойынша қылмыстық істерді тергеу ерекшелігімен сипатталатынын атап өту қажет. Жәбірленушілердің көпшілігі қатысы бар адамдарды анықтай алмайды, өйткені олар бетперде киген немесе арнайы киім-кешексіз болған, - деді Шалабаев. 

Оның айтынша, істер бойынша бейне жазбалар жоқ, себебі полиция ғимараттарына шабуыл жасау салдарынан құрал-жабдықтар бүлінген.

Осыған қарамастан, дәлелдемелерді жинау бағытында тергеу және процестік әрекеттердің барлық кешенді шараның жүргізілуі қамтамасыз етілуде. Барлық іс бойынша тергеушілер адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес азаптауларды тергеп-тексеру әдістемелерін пайдаланып отыр, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы