Қаңтар трагедиясы. Шерушілердің жедел жәрдем көлігіне шабуыл жасаған сәтінің видеосы жарияланды

Алматы, BAQ.KZ. ҚР ІІМ жариялаған видеолардан шерушілердің жедел жәрдем көлігі мен өрт сөндіру қызметіне шабуыл жасап жатқанын көруге болады.

Видеолардан жараланған адамдарға көмекке келген Жедел жәрдем көлігін шерушілер таспен атқылып жатқанын көруге болады. Агрессивті адамдардың шабуылына тап болған Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі қорыққанынан кері бұрылып, оқиға орнынан әрең қашып шығады. Сондай-ақ оқиғаны телефонына түсіріп тұрған адамның шерушілердің қатігездігіне таңырқап тұрғанын естуге болады.

Тағы бір видео Ақтөбе қаласында түсірілген екен. Онда агрессивті шерушілер өрт сөндіру көлігіне шабуыл жасап, оны арматурамен ұрғылап, тас атып жолын бөгеп жатқанын көруге болады. Сондай-ақ көліктің есігін ашып, жүргізушіні ұрып жатыр.

Айта кетсек, қаңтар трагедиясында бейбіт шерудің арты бей-берекетсіздікке ұласып, шерушілер әкімшілік ғимараттар мен полиция көліктерін өртеген еді. Кейін қаладағы ірі сауда үйлерін тонап, өртеді.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы