Қаңтар оқииғасы. 377 күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 1 090 қылмыстық іс бар.Қазіргі уақытта 165 адам қамауда, олардың барлығы ауырлататын мән-жайлар кезінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады, - деді ол.
Әділов атағандай, жеке басын ескере отырып, 315 күдікті қамаудан босатылды
Бұл алғаш рет қылмыс жасағандар және өз кінәсін мойындаған адамдар. 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталып, олар сотқа берілді. Олар негізінен ұрлық жасады (196 адам), қару-жарақтың заңсыз айналымы (39), тонау, ұрлау және ұсақ ұрлық жасады (3-тен) деген күдікке ілінді, - деді ол.
Әділов атағандай, бүгінгі таңда ел соттары 168 адамды соттады.
Олардың ішінде гуманизм қағидаттарын басшылыққа ала отырып, жасаған ісіне толықтай өкіну және келтірілген залалды қалпына келтіру бойынша қабылданған шараларды ескере отырып, 147 адамның көпшілігі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалау шараларына сотталған, - деді Әділов.