Қаңтар оқиғасының түп мақсаты – билікті күшпен басып алуға тырысу болған – Айман Омарова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында белгілі құқық қорғаушы, заңгер Айман Омарова хабарлады. 

Егер Маңғыстау облысындағы газ бағасының көтерілуі (оқиғаға) түрткі болса, Қаңтар оқиғасына тек соңғы 5-6 жылда ушыққан әлеуметтік-экономикалық проблемалар ғана нағыз себеп болды деп атау қиын. Бұл оқиғалардың биліктің ауыспаушылығы, ұлттық ресурстардың біз олигархат атап кеткен адамдардың белгілі бір тобының қолында бола отырып, қоғам өмірінің бүкіл саласында жемқорлық өскен кезде орын алуы сөзсіз, - деді құқық қорғаушы. 

Сонымен қатар ол оқиғаларды шартты түрде бірнеше топқа бөліп, мысал келтірді.

Олай екендігін мойындағыларыңыз келмесе де, өкінішке қарай, жағдай солай, Де-юре – олай емес, бірақ өкінішке қарай, де-факто – дәл солай. Әйтпесе, бізге өзге құқық қорғау органдары, сондай-ақ сот та Қаңтар оқиғасына қатысты дегенмен келісуге тура келеді. Бейбіт митингтер – бұл біз көзбен көрген нәрселердің басы ғана. Егер шартты түрде алсақ, оқиғаны бірнешеге бөлуге болады. Оқиғаға ақпараттық дайындық, әрі қарай ақпараттық соғыстың өзі және көшедегі оқиғалар, - деп атап өтті адвокат. 

 Сонымен қатар ол Қаңтар оқиғасында билікті күшпен басып алуға тырысты деп отыр. 

Қаңтар оқиғасының   билікті күшпен басып алуға тырысу негіз болғаны сөзсіз. Ал қалған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар – басты мақсатқа жетудің тәсілдері. БАҚ-қа берілген ақпараттар, Қаңтар оқиғасында қолданылған технология, оқиғаларды саралай келе, жаппай тәртіпсіздікті кәсіби дайындалған топтар басқарды деп айтуға болады. Ол топтарды тек азаматтық тұлғалар ғана емес, арнайы қызметтің, сондай-ақ криминалдық топтың қызметкерлері басқарған, - деді адвокат. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы