Қаңтар оқиғасында ұрланған қарулар әлі табылып жатыр
Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның нәтижесінде заңсыз айналымнан 340 қару және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді. Сондай-ақ 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару.
Осыған қоса алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде, 70 атыс қару тәркіленді. Ал ел тұрғындары, өз еркімен 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды.
Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Бұған дейін Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ Алматыда табылған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада оқушылар түстен кейін де онлайн оқиды
Өзгелердің жаңалығы