Қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың тізімі ресми түрде қашан жарияланады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Снежанна Имашева Бас Прокурор Берік Асыловқа сауал қойды.
230 адам қаңтар оқиғаларында қаза тапқанын айтып өттіңіз. Енді қоғам қайтыс болғандардың есімін және олардың неден қайтыс болғанын білгісі келеді. Соны анықтауды бізден талап етіп отыр. Қазіргі күні әлеуметтік желілерде мұндай тізім бар. Ол тізімді белсенділер мен волонтерлер өз қолдарымен жинаған. Тізім «Қаңтар-2022» деп аталады. Арнайы сайт бар, - деді депутат.
Снежанна Имашева қоғамға нақты, сенімді ақпарат жеткізу қажет екенін атап өтті.
Осы азаматтардың есімін әрі қарай да жасыру дұрыс емес деп санаймыз. Қайтыс болғандардың тізімін ресми түрде қашан жариялайсыз? Ол тергеу аяқталмай жариялана ма? Егер мүмкін болмаса, оның себебін айтып беріңіз, - деп сұрақ қойды депутат Бас Прокурор Берік Асыловқа.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы