Қаңтар оқиғасында ауыр қылмыс жасады деген 150 адам күзетпен ұстауда отыр – Әділов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.

Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғалары бойынша қозғалған қылмыстық істерді өз құзыреті шеңберінде тергеуде. Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді қоспағанда, 1150 қылмыстық іс бар. Олардың негізгі бөлігін ұрлық құрайды – 157, қарудың заңсыз айналымы – 146, қасақана бөтеннің мүлкін бүлдіру – 23 және тағы басқалар, - деді ол. 

Әділов айтқандай, осы істер бойынша 150 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікпен күзетпен ұсталуда.

Осы күдікті адамдардың кінәсі негізінен қылмыстар жасалған орындардан алынған бейнежазбалармен, көзбен көргендер мен куәлардың көрсетпелерімен, сондай-ақ алынған заттай дәлелдемелермен дәлелденеді. Жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде және прокурорлармен келісу бойынша осы қылмыстық істер бойынша түбегейлі процестік шешімдерді қабылдау жоспарланып отыр.Сонымен бірге жедел және сапалы тергеудің нәтижесінде біздің тергеушілер 473 айыпталушыға қатысты 288 қылмыстық істі айыптау актісімен аяқтап, сотқа жолдады, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы