Қаңтар оқиғасы. Жәбірленушілерге 100 млн теңге берілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.
Зардап жәбірленушілердің әрқайсысы өз заттарын қайтарып алып немесе ол үшін өтемақы алып, қайғылы оқиғалардан кейін өзіне барынша жылдам келетіндей етіп, келтірілген зардаптың орнын толтыру полиция үшін негізгі басымдық. Сотқа жолданған істер бойынша жәбірленушілерге сомасы шамамен 100 млн теңгеге зардаптың орны толтырылғанын атап өткім келеді. Бұл полиция қызметкерлерінің ұрланған мүлікті анықтауы және алып қоюы, сондай-ақ айыпталушылардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру, оның ішінде сот тергеуі кезеңінде зардаптың орнын толтырғаны нәтижесінде қамтамасыз етілді, - деді Әділов.
Оның айтуынша, сипаттайтын деректердің және жасаған қылмысқа қатыстылығын ескере отырып, өткен апта ішінде 12 күдікті күзетпен ұстаудан босатылды, оларға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалды.
Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының істері бойынша барлығы 333 күдікті осы негіздер бойынша күзетпен ұстаудан босатылды. Олардың көпшілігіне бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды, осындай адамдардың саны – 96, кепіл 78 адамға қатысты қолданылды, 67 адам ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы қолхат берді және 11 адамға жеке кепілгерлік қолданылды. Одан басқа соттардың үкімдері бойынша 81 сотталушы күзетпен ұстаудан босатылды, - деді Санжар Әділов.