Қаңтар оқиғасы: Ұрланған қару-жарақ Астана мен Щучинсктен табылды
Шілде-тамызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас Прокуратураның үйлестіруімен Астана және Щучинск қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамдардың заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Астанадағы тінту кезінде Қаңтар оқиғасында ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинск қаласынан 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі табылды, - деп жазылған хабарламада.
Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды.
41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленді.
Қарудың заңсыз айналымымен күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ОСК. Сарапшылық кеңестің құрамы жаңартылды
Өзгелердің жаңалығы