Қаңтар оқиғасы. ҰҚК қызметкерлері азаптау ісі бойынша өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты. 

Мәжіліс кулуарында Әмірхановқа журналистер қаңтар оқиғасы бойынша азаптауға қатысқандардың арасында ҰҚК қызметкерлері бар ма? деген сұрақ қойды. 

Иә, бар. Олардың саны туралы мен айта алмаймын. Олар азаптау бабы бойынша өтеді. Мерзімдерді тергеу анықтайды, ол алты айға дейін ұзартылуы мүмкін, - деді Асқар Әмірханов.

20 маусымда  Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев азаптау ісіне қатысқан құқық қорғау органдары қызметкерлері туралы айтқан еді. 

Бұл істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті ретінде танылды. оның 9-ы қамауда. Атап айтқанда, Алматы облысында қызған бу үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушы азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады, - деген еді ол. 

Оның айтынша, істер бойынша бейне жазбалар жоқ, себебі полиция ғимараттарына шабуыл жасау салдарынан құрал-жабдықтар бүлінген.

Осыған қарамастан, дәлелдемелерді жинау бағытында тергеу және процестік әрекеттердің барлық кешенді шараның жүргізілуі қамтамасыз етілуде. Барлық іс бойынша тергеушілер адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес азаптауларды тергеп-тексеру әдістемелерін пайдаланып отыр, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы