Қаңтар оқиғасы Қазақстанға қалай әсер етті

«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны "Қайғылы қаңтар" оқиғалары тақырыбы жайлы болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылдың 4 қаңтарында Қазақстан қоғамын дүр сілкіндірген, Үкіметке үлкен сынақ болған қаралы жағдай болды. Алматы қаласы шаһар тарихында болмаған бүліктің астында қалды.

"Бұқараның үнін билікке жеткіземіз" деп бейбіт шеруге шыққан жандар абайсыз оққа ұшты. Елі ішіне іріткі салған арандатушылар арбауына ілікті. Осылайша әлеуметтік мәселеден басталған шеру қаңды қақтығысқа ұласты.

Сол кездегі оқиғаларға не түрткі болды? Мәселе қайдан шығып, қалай шешілді? "Қаңтар оқиғасы" билік пен саясатқа, әлеумет пен қоғамға қалай әсер етті? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын репортаждан біле аласыздар.

Бұған дейін «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажы инвестиция туралы болған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы