Қаңтар оқиғасы полицияның имиджіне әсер етті ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Полицияға деген сенім деңгейін зерттеу өзге тарап, Стратегиялық жоспарлау агенттігі жүзеге асырады. Оларға арнайы әдістеме әзірленген. Ол полицияның сенім деңгейін жарты жылда бір рет жасайды. Сондықтан да қаңтар оқиғасынан кейінгі полицияға деген сенім деңгейін тек 6 айдан кейін білеміз, - деді Милюк.
Ол қоғамда полицияны жаппай айыптау туралы пікірлермен келіспейтінін айтты.
Қоғамда тұрақты пікір бар. Ол полиция қауіпсіздіктің кепілі екеніне сенеді. Елде қауіпсіздік болса, барлығы тұрақты болады. Елде тұрақтылық пен қауіпсіздік болса, экономика және әлеуметтік тұрғыдан тұрақтылық болатынына қаңтарда азаматтардың да көзі жетті, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы