Қаңтар оқиғасы. Полиция 3 мыңға жуық қылмыстық істі тергеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов полицейлер 2 919 қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді.

Қазір полицияның тергеуінде 2 919 қылмыстық іс бар. Мыңнан астам күдікті қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр. Мемлекет басшысы жазаны жеңілдететін жағдайларды ескерудің маңыздылығын атап өткеннен кейін 400-ден аса күдіктінің ішінен 219-ы қамаудан босатылды. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 184 күдікті қамауда, - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Оның мәліметінше, тергеу барысында 12 мыңнан астам азаматтан жауап алынды. 2 мыңдай сараптама тағайындалды.

Ұрланған мүліктің көп бөлігі тәркіленді (12 автокөлік, 311 бірлік тұрмыстық техника, 188 зергерлік бұйым, 261 ұялы телефон, 16 млн теңге). 229 айыпталушыға қатысты іс сотқа жолданды. Қазірдің өзінде 72 адам сотталды. Оның бесеуі бас бостандығынан айырылды. Қалғандары басқа жазаларына тартылды, - деп айтты ІІМ басшысы Мәжілісте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы