«Қаңтар оқиғасы». Оқ тиіп медициналық көмекке жүгінген 600-ден астам адам тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Мүліктік сипаттағы қылмыстармен қатар ІІМ қаңтар оқиғаларындағы адамдардың қайтыс болуы мен жарақат алу фактілері тергеліп жатыр. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша 1726 адам, оның ішінде 673-і оқ-дәрі жарақаттарымен, 469-ы пышақталған және тесілген жарақатпен, 463-і дене жарақатымен медициналық көмекке жүгінген. Олардың басым бөлігі Алматыда тіркелген, - деді ол.
Әділов келтірілген мәліметтер тек азаматтық тұлғаларға қатысты екенін айтты.
Олардың бірқатары мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге шабуыл жасау кезінде алғаны күмәнсіз. Негізінен, осы бейнежазбалар дәлелдейді. Басқа жағдайлар бойынша дене жарақатын алудың мән-жайлары тергеліп жатыр, - деді Санжар Әділов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
103 адам босатылып, полицияның жұмысына қатысты 363 шағым түскен
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы