Қаңтар оқиғасы. Омбудсмен қамаудың орнына басқа шараны қолдану қажеттігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова хабарлады. Оның айтуынша, қамауға алудың орнына баламалы шараны қолдануға болады.
Тұлғаны, оның денсаулығы мен жас ерекшелігін есепке ала отырып, қамаудың орнына бұлтартпау шарасын қолдау мүмкіндігі туралы мәселенің екінші жағы бар. Бұрын мен заңда қарастырылған бұлтартпау және жазалауға балама шаралары жеткіліксіз мөлшерде қолданылатынын айтып, мәселе көтерген едім. Бұл механизм заңнаманы жетілдіру шеңберінде қарастырылып қана қоймай, ұсталушылар санының көп болуын, ұсталғандардың тұлғасын есепке ала отырып, осы жағдайда қолданылуы қажет, - деп атап өтті Эльвира Әзімова.
Сондай-ақ ол қоғамдық мониторингтің қатысушылары мен қорғаушылар мұндай ұсынысты бастауға құқылы деп отыр.
Қамауда ұстауды баламалы шешімге ауыстыру туралы шешімді тек прокуратура қабылдайды. 10 қаңтардағы жағдай бойынша Бас прокуратура мыңнан астам азаматтың қамауда екенін айтты. Ал 19 қаңтардағы жағдай бойынша 724 азамат қамауда отыр. Олардың санының төмендеуі азаматтарды ешқайда кетпеу туралы қолхат, үйқамақ немесе кәмелетке толмағандарға туыстарының кепілгерлік беруі түріндегі бостандығын шектеумен байланысты емес өзге де баламалы шараларға ауыстыруға байланысты мүмкін болды, - деді омбудсмен.
Алайда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтардан айыптаулар алынып тасталмайынша, әлі сот отырысы болатынын түсінуге шақырды.