Қаңтар оқиғасы: Офицер өртке оранған қала әкімдігінде тірідей жанып кеткен
Қаңтар оқиғасы кезінде бір офицер қала әкімдігін өртеген кезде тірідей жанып кеткен. Бұл туралы Бас прокурор Мәжіліс мінберінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тәртіпсіздікке қатысқан көп адамды тоқтатуға құқық қорғау күштерінің мүмкіндігі болмады. Оның үстіне қызметкерлердің басым бөлігінде қару болған жоқ. Олар соңына дейін тек арнайы құралдарды қолданды. Олар - резина таяқшалар, су атқыштар және т.б. Бірақ сол уақытта жүздеген тәртіп сақшысы жараланды. Оқтан жарақат алғандар да бар, - дейді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.
Сөзінше, бір офицер өртке оранған қала әкімдігіде тірідей жанып кеткен.
Өткен аптада Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қаңтар оқиғасына қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға Бас прокуратура, тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары Мәжіліске келіп жауап беруін талап еткен болатын.
Бүгін күштік құрылымдар Мәжіліс төріне жиналды. Сонымен қатар ғимарат фойесінде қаңтар оқиғасы кезінде тәркіленген қару-жарақтар мен күштік құрылымдардың құрал-жабдықтары қойылған көрме өтіп жатыр.