"Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ комитетке сілтеме жасап.

2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде 8 “Калашников” автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді. Көрсетілген қару-жарақтардың 4 бірлігі "Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланғаны анықталды, - делінген хабарламада.

Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы