Қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректорының ұлын атып кеткен күдікті ұсталды
Қаңтар оқиғасында қаза болған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнардың өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас прокуратура растаған сәйкес, күдікті 21 қазанда қолға түскен.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне күдікті ұсталып, қамауға алынды, - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Еске сала кетейік, биыл 11 қаңтарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол 6 қаңтар күні сағат 18:35 шамасында комменданттық сағат басталғанға дейін автокөлікпен үйіне қарай қайтып келе жатқан. Назарбаев көшесінің жоғарғы жағында Сәтпаев көшесіне жетер-жетпес жердегі қиылысқа аялдаған кезде белгісіз біреулер кенеттен оған оқ жаудырған. Алған жарақатынан Елнар оқиға орнында көз жұмды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы