Қаңтар оқиғасы кезінде имамдар ауқымды жұмыс істеді - Оңғаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат  Оңғаров айтты. 

Қаңтар оқиғасы кезінде астыртын радикалды топтар болды деген ақпарат шықты. Әрине, ол қарапайым адамдар үшін ашылмады. Тергеуді соңы мен  арнайы органдардың мәліметінсіз ештеңе айта алмаймыз. Бірақ ҚМДБ діни оңалту бөлімі бар. Осы бөлім өте ауқымды жұмыс атқарды. Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен де кездеседі. Соның нәтижесінде 2021 жылы 500-ден астам радикалды идеямен уланып жүрген азамат дәстүрлі ұстанымға қайтты, - деді ол. 

Ершат Оңғаров қаңтар оқиғасы кезінде де имамдар өте көп жұмыс істегенін айтты.

Алаңға шығып, халыққа басу айтып, райынан қайтуға жұмыс істеді. Мысалы, Талдықорғанда имам алаңдағы адамдарға басу айтып, тізе бүгіп құран оқиық деді. Алматыда жағдай ушығып кетті ғой. Имамдарға алаңға шығуға жергілікті билік рұқсат етпеді. Сонда да имамдар келе жатқан топтармен сөйлесіп, 10-15 адамды қайтарып жіберген сәттер болды. ҚМДБ халықпен әркез бірге, олар елдегі тыныштықты, бейбіт өмірдің сақталуы үшін жұмыс істейді, - деді имам. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы