Қаңтар оқиғасы. Халықты азаптаған экс-полицейлер қандай жаза алды

"Қаңтар оқиғасы" кезінде азаптағаны үшін бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласының соты 18 наурыз 2024 жылы "қаңтар оқиғасы" барысында азаптау фактілерін қолданған бұрыңғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды 

Қылмыстық істі Жетісу облысының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді. Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция Департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді. Заңсыз әрекеттердің салдарынан жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген. Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы