Қаңтар оқиғасы. Ең шулы 10 іс бойынша 9 лауазымды тұлға ұсталды – Қилымжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Арнайы прокурарлар ең шулы 10 жағдайды тергеп жатыр. Аталған істер бойынша арнайы прокурорлар 9 лауазымды адамды ұстады. Оның 8-і Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері болса, 1-уі полиция қызметкері, - деді ол.
Қилымжанов атап өткендей, әлеуметтік желіде қамауда отырған адамдарға қатысты тергеудің рұқсат етілмеген жағдайлары жарияланып жатыр.
Аталған адамдарға қатысты ешқандай зорлық-зомбылық қолданылмай жатқанын айтамыз. Бұл ретте біз осыған дейінгі бұлтартпау шараларын қолданып жатырмыз, - деді Елдос Қилымжанов.
Оның айтуынша, 275 адамға бұлтартпау шарасы орындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызмет бабындағы әрекетсіздік. Күш құрылымдарының басшыларына 9 қылмыстық іс қозғалды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы