Қаңтар оқиғасы бойынша 717 адам сотталып кетті
Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаппай тәртіпсіздіктерге ұйымдасқан қылмыстық топтар, диструктивті діни ағымдардың мүшелері және бұрын сотты болған адамдардың қатысқанын Бас прокуратура анықтады. Бүгінгі күні 286 күдікті амауда отыр. Олардың қиратуларға, ғимарат өртеуге, қару жымқыруға және мемлекеттік нысан мен құқық қорғау органдарына белсенді түрде қарулы шабуыл жасауға белсенді қатысқаны анықталды, - деді Сәбитов.
Ол атағандай, әрбір қамауға алынған адам бойынша олардың қылмыстарға қатысуын дәлелдейтін жеткілікті айғақ бар.
Олардың барлығына қорғалу құқығы, санитарлық нормалар мен ұстаудың барлық нормалары қамтамасыз етілген. Қаңтардағы оқиғалар бойынша 474 қылмыстық іс жолданды. Олар бойынша 717 адам сотталды. Мемлекет басшысының жазаны жеңілдету бойынша тапсырмасы бойынша Бас проркурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға тағайындауға бағыттап жатыр, - деді ол.