Қаңтар оқиғасы. Ауыр қылмыс жасады деген 160-қа жуық күдікті қамауда отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді ескермесек, 1 260 қылмыстық іс бар. Бұл істер бойынша ауыр қылмыс жасауда күдікті 158 адам күзетпен ұсталуда. Осы күдікті адамдардың кінәсі негізінен қылмыс жасалған орындардан алынған бейнежазбалармен, куәлар мен көзбен көргендердің көрсетпелерімен, сондай-ақ алынған заттай дәлелдемелермен дәлелденеді, - деді Әділов.
Ол атап өткендей, жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде және прокурорлардың келісуімен осы қылмыстық істер бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданады.
Енді ұрланған қару-жараққа келетін болсақ. Бұрын біз Бас прокуратураның өкілдерімен бірлесе отырып, ұрланған қарудың ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау кезінде қолданыла алатындықтан, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін бірнеше рет хабарлаған болатынбыз. Осыған байланысты, біз қаруды өз еркімен тапсыру бойынша қарқынды түсіндіру жұмысын жүргіздік, - деді ол.
Әділов атағандай, нәтижесінде азаматтар қарудың 125 бірлігін тапсырды.