Қаңтар оқиғасы. Әскерде жүріп қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетілді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық ұлан өкілі ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның жарақат алған 459 әскери қызметшісі болды. Оның ішінде жедел мерзімдегі екі қызметші қайтыс болды. Ұлттық ұлан бас қолбашсылығы қайтыс болған екі әскери қызметшінің ата-анасына материалдық көмек көрсетті. Екі қызметкерді мәңгі әскери тізімге енгізді. Ел басшылығы тарапынан ұландық сарбаздың ерлігі жоғары бағаланды. Мемлекет басшысының жарлығымен қаза тапқан қос сарбаз III "Айбын" орденімен марапатталды, - деді ол.
Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар да олардың отбасыларына ата-анасына материалдық көмек көрсетті.
ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның 51-бабында қаза тапқан, мертіккен әскерилердің отбасыларына 500 АЕК көлемінде біржолғы өтемақы төленеді, - деді ол.
Сондай-ақ Ұлттық ұлан өкілі, полковник Фархат Айдарбаев ұлан қызметіне ішкі істер органдарымен бірігіп, қоғамдық тәртіп пен жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алу, лаңкестікке қарсы күрес, төтенше жағдай режимінде жұмыс істеу кіретінін айтты.