Қаңтар оқиғасы. Адвокат азаматтардың алаңға шығуына не түрткі болғанын айтты

Мәжілістің жалпы отырысында адвокат Абзал Құспан қаңтар оқиғасы кезінде азаматтардың алаңға шығуына не түрткі болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Енді осы жерде отырған билік өкілдері болсын, депутаттар, қоғам белсенділері, елдегі проблемаларға бей-жай қарамайтын саналы азаматтарды мазалайтын басты мәселе – қасіретті қаңтар сияқты оқиғалардың болашақта қайталануын болдырмау. Оның жалғыз ғана жолы Мемлекет басшысы бекіткен «Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының сөз жүзінде қалып қоймай, жүзеге асуында жатыр, - деп атады ол.

Себебі адвокаттар комиссия құрамында жүріп, қамаудағы азаматтармен жеке кездесіп, сұқбаттасқанда олардың алаңға шығуға түрткі болған ең негізгі фактор – әділетсіздік екеніне көз жеткізген.

Ол экономикалық-әлеуметтік жағдайлардан бұрын, осы әділетсіздікке деген төзбейтін сезім елдің алаңға жаппай шығуына шешуші рөл атқарған деген қорытындыға келдік. Әділетті Қазақстан орнату үшін әрине мемлекет тарапынан белгілі бір жұмыстар атқарылып жатыр. Ол – даусыз. Алайда комиссия құрамында жүріп, көз жеткізген бір мәселе – ол мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері арасында өзара бірлесіп атқаратын шаруалардың әлдеқайда тиімділігі, - деп түсіндірді адвокат Абзал Құспан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы