Қаңтар оқиғасы. 326 күдікті бұлтартпау шарасымен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Бүгінгі таңда ішкі істер тергеушілері айыптау актісімен 410 айыпталушыға қатысты 261 қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.Мұндай істердің ең көп саны Алматы қаласы бойынша - 185, Алматы облысы бойынша – 49, Жамбыл облысы және Көліктегі департаменті бойынша – 10, Қызылорда және Түркістан облысы бойынша – 4, - деді ол.
Әділов айтқандай, тергеу материалдары мен нәтижелерін талдауда бөтен мүлікті ұрлағаны үшін ұсталғандардың көпшілігі алғаш рет заңды бұзған жастар екендігі анықталды.
Мұндай адамдарға тергеушілер олардың жеке басын және оң сипаттамаларын ескере отырып, бас бостандығынан айыруға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданады. Бүгінгі күні осы негіздер бойынша және келтірілген залалды өтеу бойынша 326 күдікті қамаудан босатылды, - деді ол.
Әділов атағандай, сот органдары сотталушыға жаза түрі мен мөлшерін анықтау кезінде адамгершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, ауырлық дәрежесін, қоғамдық қауіптілігін, кінәлілердің жеке басын, оның ішінде қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, тағайындалған жазаның оларды түзеуге әсерін және жәбірленушілердің пікірін ескереді.