Қаңтар оқиғасы. 150-ге жуық қылмыстық іс қасақана адам өлімі бойынша қозғалған
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаңтар оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни «Қасақана адам өлтіру» бабымен 150-ге жуық іс қозғалды. Олар рақымшылыққа ілікпейді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқандықтан нақты санын айта алмаймын, - деп атап өтті Әсет Шындалиев Сенаттың кулуарында журналистерге берген сұхбатында.
Айтуынша, Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша рақымшылық жасалмайды.
Олар: 99-бап «Қасақана адам өлтіру», 146-бап «Азаптау», 451 және 362-баптар «Билікті асыра пайдалану» бойынша рақымшылық қарастырылмайды. Қазіргі уақытта қасақана адам өлтіргендер туралы нақты хабарым жоқ, - деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары.
Белгілі болғандай, бүгінде Талдықорған қаласында қасақана адам өлтіруге қатысты бір іс қаралып жатыр.
451-бап бойынша сараланып, сотқа жіберілді. Ал қасақана адам өлтіру ісіне қатысты тергеліп жатқан полиция қызметкерлерінің бар-жоғын айта алмаймын, - деді ол.
Еске сала кетейік, бүгін Сенат отырысында Қаңтар оқиғасына қатысты «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданған болатын.