Қаңтар оқиғасы. 1300-ге жуық тұлға жәбірленуші болып танылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов «қасіретті қаңтар» оқиғасы бойынша ресми мәлімдеме жасады.
Құқық қорғау органдары қаңтардағы оқиғалардың барлық мән-жайын анықтау үшін көп уақытты талап ететін үлкен жұмыс атқаруда. Бүгінгі күні 1 300-ден астам медициналық, балистикалық және басқа сот сараптамалық зерттеу тағайындалды. Олардың көбі күрделі сараптама. 2-3 айға дейін созылуы мүмкін, - дейді Елдос Қилымжанов.
Сөзінше, бұл ең алдымен оқиға кезінде қаза болған азаматтарға қатысты мән-жайларды анықтап, мұқият тексеру үшін қажет.
Тергеушілер 1 500-ге жуық оқиға болған орынды қарап шықты. 10 мыңнан астам тергеу амалдарын жүргізілді. 1 279 тұлға жәбірленуші болып танылды, - деп айтты прокурор ОКҚ-да.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тергеушілер 15 мыңнан астам тергеу әрекетін жүргізді - ІІМ
Өзгелердің жаңалығы