Қаңтар оқиғасы. 12 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздіктерде 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын анықтады. Олардың ішінде ең белсенділері: Жұмагелдиев, «Дикий Арман», «Айшуақ», «Жайтүгел» және қазақстандықтар. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды. Оның ішінде 4 қылмыс авторитеті бар. Бұл қылмыстар мен қатысқан адамдарды жауапкершілікке тарту үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр, - деді Қилымжанов. 

Ол атағандай, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті болып танылған. 

Олардың 269-ы ұамауда. Алматыда 25-наурызда Ш. Есімді азамат ұсталды. Ол қаңтар кезінде қару дүкенінен АН винтовкасын ұрлап,  әкімдік ғимаратына, әуежайға шабуыл жасаған, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы