13 Қазан 2026, 13:32 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қаңтар-маусымда Қазақстанның ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті

2026 жылдың қаңтар-маусымындағы Қазақстанның жалпы өңірлік өнімі.

2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ көлемі (есепті деректер бойынша) 71 215 382,4 млн теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті.

Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) өсу қарқынының ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау (15,3%), Түркістан (13,3%) және Солтүстік Қазақстан (11,4%) облыстарында байқалды.

2026 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ құрылымында ең үлкен үлесті Алматы қаласы (20,2%), Астана қаласы (12,5%) және Атырау облысы (11,7%) иеленді.

ЖІӨ өсіміне ең жоғары үлесті Алматы қаласы (0,68 п.т), Астана қаласы (0,62 п.т) және Алматы облысы (0,47 п.т) қосты.