Қаңтар айының зейнетақысы желтоқсанда беріледі деген рас па?
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылғы қаңтар айының зейнетақы төлемдері 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі кезеңде, өсімді ескере отырып, мерзімінен бұрын аударылатыны жайында жаңалық тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері алушыларға 2026 жылдың қаңтар айында аударылады. Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық көлемде жүргізілді. Азаматтардан жеке деректердің таралып кетуін болдырмау үшін осыған ұқсас хабарламалармен бірге келетін күмәнді сілтемелерге өтпеуді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы таратылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы